Багажды тасымалдау ережелері 

— Жолаушының өзімен бірге бір толық және балалардың жол жүру құжатына (билетіне) 35 кг аспайтын ұсақ заттардан басқа тегін алып жүруіне жол беріледі, олардың мөлшері үш өлшем сомасы бойынша (100x50x50) 200 сантиметрден аспайды.

Қол жүгіне өз өлшемдері бойынша қол жүгін орналастыру үшін көзделген орындарда жолаушылар вагондарына орналастырылатын жолаушылар оңай алып жүретін заттар жатады. Жолаушының өзімен бірге қол жүгін алып жүрудің белгіленген нормасынан тыс портфельді, ханымдар әмиянын, бинокльді, шаңғыларды және оларға таяқтарды, қармақтарды, фотоаппаратты, қолшатырды, сондай-ақ көлемі үш өлшем сомасы бойынша 100 см-ден аспайтын басқа да ұсақ заттарды тегін алып жүруіне жол беріледі.

— Отыруға арналған орындары бар вагондардан қалыптастырылған поездарда қол жүгін тасымалдауға, жайлылығы жоғары электр поездарының вагондарынан басқа, қол жүгін тасымалдаудың белгіленген нормасы есебінен биіктігі 180 см аспайтын, тәжі байланған және оралған тамырсабақтары бар балалар арбалары, өсімдіктер, көшеттер және басқа да отырғызу материалдары жіберіледі. Аумағында шектеу іс-шаралары (карантин) енгізілген аудандарда аталған тасымалдар Өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция берген өсімдіктерді, көшеттерді және басқа да отырғызу материалдарын иесі ұсынған кезде жасалады.

Отыруға арналған орындары бар вагондардан қалыптастырылған поездарда белгіленген нормадан 50 кг-ға дейінгі қол жүгін тасымалдау қосымша билет берумен ресімделеді. Отыруға арналған орындары бар вагондардан қалыптастырылған поездың тамбурында бөлшектелмеген түрде бір велосипедтен немесе балалар, мүгедектер арбасын алып жүруге рұқсат етіледі.

Қол жүгін жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындықтар арасындағы өткелдерде, вагондардың дәліздері мен тамбурларында орналастыруға жол берілмейді. Жолаушы тасымалдайтын қол жүгін өлшеу үшін станцияларда (вокзалдарда) таразылар орнатылады.

— Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын зақымдауы немесе ластауы мүмкін заттарды, сондай-ақ оқталған қаруды (мемлекеттік маңызы бар жағдайларды қоспағанда), сасық иісті, отқа қауіпті, уландыратын, тез тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды қол жүгімен тасымалдауға жол берілмейді.

— Егер үш өлшем сомасы бойынша электрондық, тұрмыстық, бейне және аудиотехниканың мөлшері 200 см және 35 кг-нан аспаса, ол қол жүгі нормасы есебінен жүргізіледі.

Көрсетілген заттарды белгіленген қол жүгінің нормасынан тыс тасымалдауға жол беріледі, ол үш өлшем сомасы бойынша 100 см-ден аспайды, жол жүру құжатына (билетке) бір заттан аспайды, поездардың барлық вагондарында. 

Қол жүгі нормасынан тыс тасымалданатын әрбір зат үшін, оның салмағына қарамастан, салмағы 30 кг багаж тарифі бойынша ақы алынады.бұл тасымалдауды багаж кассасында ресімдеу «қолдағы багаж»түбіртегі бойынша жүргізіледі. Егер көрсетілген заттарды тасымалдау қосымша сатып алынған жол жүру құжатына (билетке) жүзеге асырылса, онда салмағы 30 кг багаж тарифі бойынша қосымша ақы алынбайды.

Аса сақтықты қажет ететін Теледидарлар, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және басқа да аспаптар қол жүгін тасымалдауға арналған вагондарда бөлінген орындарда немесе жолаушылар жол жүру құжаттары бойынша алатын орындарда орналастырылады.

Жолаушылар вагондарында өз өлшемдері бойынша купенің кіреберіс есіктерінен кеңірек ірі габаритті теледидарлар мен басқа да аппаратураларды тасымалдауға жол берілмейді.